Зариф: Ливан аймақтағы қарсыласу мен жеңістің белгісі болып табылады
(last modified Tue, 08 Nov 2016 15:16:06 GMT )
Қар 08, 2016 21:16 Asia/Almaty
  • Зариф: Ливан аймақтағы қарсыласу мен жеңістің белгісі болып табылады

Иран Сыртқы істер министрі Ливанды аймақтағы қарсыласу мен жеңістің белгісі деп атады.

СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәліметі бойынша, Ливанға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, сейсенбі күні Ливанда дипломаттар мен ирандық органдардың басшылары арасында сөйлеген сөзінде: «Ливан Хезболласы мен оның қайсар жетекшісі сейіт Хасан Насролланың қарсыласудың символы ретіндегі рөлі аймақта мақтанышқа себеп болады.

Ливандық топтардың бірігуі және президентті сайлау үшін осы елде қол жеткізілген саяси келісім маңызды оқиға болып табылады. Егер халық пен түрлі топтардың қалауы болмағанда оған қол жеткізілмес еді.

Йемен мен Сирияның мазлұм халқы аймақтағы кейбір елдердің саяси жойқын ойындарының шығынын төлеп жатыр. «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы Иран үшін күш-қуат сыйламағанымен Иранның күшін ауыздықтау жолындағы кедергілерді ығыстырды. Сондықтан кейбір елдер осы жаңа жағдайға алаңдап, ыза болып отыр» деді.