Жүздеген мың ирандық зияратшы Иракқа келді
Имам Хосейннің қырқы рәсіміне қатысу үшін жүздеген мың ирандық зияратшы Иракқа келді.
.ИРНА-ның хабарлауынша, ирактық дереккөздері 400 мыңнан астам ирандық зияратшының кеше, сәрсенбі күні түстен кейін «Меһран», «Чазабе» және «Шаламче» шекаралық өткелдерінен имам Хосейннің қырқы рәсімі мен миллиондық аза тұту рәсіміне қатысу үшін Иракқа келгенін мәлімдеді.
Ирандық және ирактық басшылар Кербеладағы имам Хосейннің биылғы қырқы рәсіміне бір миллион 700 мыңнан астам ирандық қатысады деген болжам айтып отыр.
Ирактың оңтүстігіндегі Кербела облысының әкімі Ағил Умран әл-Тарихи имам Хосейннің қырқы рәсіміне қатысу үшін Кербелаға келген ирандық зияратшыларды Ирак халқының қарсы алып, күтуге дайын екендігін айтты.
2016 жылдың 20- шы қараша, сафар айының 20- шы жұлдызы әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет имам Хосейннің Кербелада шәһид болғанының қырқы болып табылады. Бүкіл әлемнен миллиондаған мұсылман осы күнгі рәсімге қатысу үшін Кербелаға келеді.