Сирияда ИИР Телерадио бірлестігінің тілшісі шәһид болды
Иранның Ұлттық ақпарат құралының басшысы, Денсаулық сақтау министрі мен СІМ-нің ақпарат хатшысы Сирияда ИИР Телерадио бірлестігі тілшісінің шәһид болуына орай көңіл айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлттық ақпарат құралының басшысы Абдуләли Әли Аскари Сирияның Алеппо қаласында Ұлттық ақпарат құралының тілшісі Мохсен Хазаидың шәһид болуына орай көңіл айту хатында шәһид Хазаиды Сирия халқының, әсіресе Алеппо тұрғындарының үстемшілдік, тәкфирлік лаңкестік, надандық пен бұрмалаушылықтан көріп отырған зорлық-зомбылығын баяндаушы деп атады.
ИИР-ның Денсаулық сақтау министрі Хосейн Ғазизаде Хашеми өз жолдауында Ұлттық ақпарат құралының тілшісі Мохсен Хазаидың шәһид болуына орай көңіл айтып, Алладан бұл шәһидтің дәрежесін жоғарылатуды, ал оның туған-туысқандарына сабыр беруді сұрады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы және қоғамдық-ақпараттық дипломатия орталығының басшысы Бахрам Ғасеми өз жолдауында Ұлттық ақпарат құралының тілшісі Мохсен Хазаидың Алеппо қаласының бір ауданында шәһид болуына орай осы шәһидтің жанұясы мен ақпарат құралдарының өкілдеріне көңіл айтып: «Лаңкестердің қанды қолының Сирия мен аймақтың басқа елдерінде ақпарат құралдарының өкілдерін жазықсыз қанға бөктіріп жатқаны алғаш емес»,-деп мәлімдеді.
ИИР Ұлттық ақпарат құралының тілшісі Мохсен Хазаи сенбі күні түстен кейін Сириядағы Алеппо қаласының әскери амалдары жүріп жатқан ауданында лаңкестердің миномет оғынан шәһид болды. ИИР Телерадио бірлестігінің операторы Тамир Сандуқ та жауырынына оқ тиіп жараланып, қазір ауруханада жатыр.