ДАИШ-тың Бағдадта «арбағин» зияратшыларына шабуыл жасау жоспары залалсыздандырылды
(last modified Mon, 14 Nov 2016 02:23:24 GMT )
Қар 14, 2016 08:23 Asia/Almaty
  • 
ДАИШ-тың Бағдадта «арбағин» зияратшыларына шабуыл жасау жоспары залалсыздандырылды

Ирактың қауіпсіздік күштері ДАИШ лаңкестік тобының Бағдадта имам Хосейннің қырқы-«арбағин» зияратшыларын нысанаға алу жоспарын залалсыздандырды.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бағдад полициясы офицерлерінің бірі Ахмад Халаф: «Ирак армиясының күштері сенбі күні барлаушы аппараттар тарапынан ұсынылған мәліметтерге сүйеніп, Бағдадтың солтүстігіндегі түрлі аймақтарды тексеру барысында Хосейннің қырқы-«арбағин» зияратшыларын нысанаға алу үшін дайындалған бірнеше жарылғыш белбеу мен бомбаны анықтап, бірнеше күдіктіні ұстады.

Ирактың қауіпсіздік күштері сондай-ақ Бағдадтың оңтүстігінде Хосейннің қырқы-«арбағин» зияратшыларының жаяу жүретін жолынан қару мен оқ-дәрілер тапты» деді.

Бағдад операцияларының келесі бір қолбасшысы Ғейс Халаф Рахиме Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсімінде қауіпсіздік орнату жобасына Ирактың 30 000 қауіпсіздік күшінің қатысып отырғанын мәлімдеді.

Кербелада өтетін Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсіміне қатысу үшін Ирактың түрлі аймақтары мен өзге елдерден келген зияратшылардың әрекеті өткен аптада басталды.