Лаңкестер Алеппода Сирия әскеріне қарсы химиялық шабуыл жасады
(last modified Mon, 14 Nov 2016 08:49:04 GMT )
Қар 14, 2016 14:49 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Алеппода Сирия әскеріне қарсы химиялық шабуыл жасады

Лаңкестер Сирия әскерінің Алеппоның әуежайына жақын жердегі позицияларын химиялық қарулармен нысанаға алды.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының жексенбі күнгі хабарлауынша, лаңкестердің Сирия әскерінің Алеппоның әуежайына жақын жердегі позицияларына қарсы жасаған шабуылдарында 30-дан астам сарбаз зардап шекті.

ДАИШ-тің қарулы топтарының Сирия күштеріне қарсы тыйым салынған қаруларды қолданып отырғаны алғаш рет емес.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі өткен жұма күні Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымынан Алеппоның аудандарының бірінде қарулы топтар тарапынан химиялық қарудың қолданылуын тексеру үшін мамандарды жіберуін сұраған болатын.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің төрағасы Игорь Конашенков: "Біз тез арада Алеппоның 1070 ауданына тергеуші мамандардың тобын жіберуді сұрап отырмыз. Топырақ сынамасын талдау нәтижесі мен басқа да айғақтар қарулы топтардың Алеппода химиялық қаруларды пайдаланғанын көрсетеді" деді.