Шетелдік зияратшылар Иранның батысындағы халықаралық Меһран шекарасынан өтіп жатыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i18103
Ресей зияратшыларының тобы қасиетті Кербала қаласындағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағин» күнінің жылдығына қатысты рәсімдерге қатысу үшін Иранның батысындағы халықаралық Меһран шекарасынан Иракқа аттанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 16, 2016 14:22 Asia/Almaty
  • Шетелдік зияратшылар Иранның батысындағы халықаралық Меһран шекарасынан өтіп жатыр

Ресей зияратшыларының тобы қасиетті Кербала қаласындағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағин» күнінің жылдығына қатысты рәсімдерге қатысу үшін Иранның батысындағы халықаралық Меһран шекарасынан Иракқа аттанды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, үстеріне қара киім киген ресейлік зияратшылар сейсенбі күні Ресей мемлекетінің туын ұстап, орыс тілінде имам Хусейн (ғ.с.) туралы ұрандар айтқан. Шиіт мазхабын ұстанатын ресейлік зияратшылар ИРНА-ның тілшісіне берген сұхбатта Кербала даласының шәһидіне ғашық болуды өздерінің осы рәсімдерге қатысуының ең маңызды мақсаты деп атады.

Ресей зияратшыларымен бірге Әзірбайжан, Түркия және Пәкістан елдерінің мұсылмандары да өткен күндері Кербалаға жету үшін Меһран шекарасынан өтті.

Болжамдар бойынша биылғы жылғы «арбағин» рәсімдеріне қатысу үшін  Ираққа  2 миллионнан астам зияратшы барады.