Иорданиялықтар Израильдан газ импорттауға қарсылық танытып, шеруге шықты
Қар 19, 2016 22:10 Asia/Almaty
Иордания халқы осы ел мен сионистік режим арасында жасалған газ келісімшартына қарсылық білдіріп, шеру өткізді.
Иорданиялық шерушілер осы елдің сионистік режиммен газ саласындағы келісімшартын масқара келісім деп сипаттады.
Иорданиялық наразылар осы келісімшарттың күші жойылғанша наразылық әрекеттерді жалғастыруды мақсат етіп отырғандарын қуаттап, шерушілердің Иорданияның қауіпсіздік күштері тарапынан басып-жаншылуы мен ұсталуын сынады. Иордания үкіметі жуықта «Leviathan» теңіз кенішінен газ сатып алу үшін сионистік режиммен құны 10 млрд доллар тұратын келісімшартқа қол қойды.
Тегтер