Иран «Арбағин» рәсіміне қатысушы зияратшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін қуаттады
(last modified Sun, 20 Nov 2016 13:29:59 GMT )
Қар 20, 2016 19:29 Asia/Almaty
  • Иран «Арбағин» рәсіміне қатысушы зияратшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін қуаттады

Иранның Вице-президенті Ирак үкіметінің осы елдің солтүстігіндегі Мосул қаласын лаңкестерден тазарту амалдарымен бірге «Арбағин» рәсімдерін басқаруын осы үкіметтің күш-қабілетінің көрсеткіші деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Вице-президенті Исхақ Джаһангири сенбі күні Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абадимен телефон арқылы сұхбатында: «Лаңкестерге қарсы Мосул майданын басқару және сонымен бір мезгілде «Арбағин» шеруін басқару Ирак үкіметінің күш-қабілетін көрсетеді»,-деп баса айтты.

ИИР Вице-президенті Ирак үкіметі мен халқының миллиондаған зияратшыны, соның ішінде «Арбағин» рәсімдеріне қатысушыларды қабылдағанына алғыс айтып: «Иранда да «Арбағин» рәсімдері үшін орталық штаб құрылды. Бұл штаб ирандық зияратшылардың сапарын  жеңілдетумен айналысады»,-деді.

Ирактың Премьер-министрі де осы телефон арқылы сұхбатта Ирак армиясы мен халықтық күштерінің лаңкестермен күресте Нейнаваның басым бөлігін азат еткенін хабарлады. 

Хайдер әл-Абади ДАИШ-тың Мосулдың тұрғындарын адами қалқан ретінде қолдану үшін күш салып жатқанын айтып: «Ирактық күштер Мосул қаласын ДАИШ пен тәкфиршілдерден тазарту үшін бұрынғыдай ілгерілеуін жалғастыруда»,-деді.

 

Тегтер