Қар 21, 2016 14:45 Asia/Almaty
  • Валид әл-Муаллем: де Мистураның Алеппоның шығысында автономия құру туралы  жобасы қабылданбайды

Сирияның Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның осы ел істері жөніндегі өкілінің Алеппоның шығысында автономия құру туралы жобасының қабылданбайтынын қуаттады.

ИСНА-ның хабарлауынша, Сирияның Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем жексенбі күні Дамаскте БҰҰ-ның осы ел істері жөніндегі өкілімен кездесуінен кейін өткен ақпарат отырысында: "Де Мистура Сирияның бейбітшілік келіссөздерін қайта жандандыру үшін айтарлықтай көмек көрсеткен жоқ. Сонымен қатар, келіссөздердің өтетін уақытын жариялаған жоқ" деді.

Валид әл-Муаллем БҰҰ-ның Сирия дағдарысын шешудегі рөлін қуаттап, Дамасктің бөгделердің араласуынсыз Сирияда немесе Венада өтетін барлық отырысты құптайтынын мәлімдеді.

Валид әл-Муаллем Сирияның осы елдің саяси дағдарысын шешудегі талпыныстарын қуаттап: "Сирия мен Түркия арасында Түркияның Сирия жеріне шабуылына қатысты үйлесімділік саласында ешқандай жұмыстары мен байланыстары жоқ. Сол елдің лаңкестерді қолдап отырғаны енді жасырын емес" деді.

 

 

Тегтер