Иран сионистердің негізсіз уәждеріне жауап қайтарды
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі сионистік режимнің Иранға қарсы уәждерін негізсіз әрі қайталама деп атады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ-дағы Иранның тұрақты елшісі Ғолам Хосейн Дехқани сейсенбі күні осы ұйымның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына хат жолдап, сионистік режимнің Иранға қарсы уәждеріне реакция білдіріп: «Сионистік режим өкілінің Қауіпсіздік кеңесіне жаңа мәліметтер ұсынуы туралы уәждері әдеттегідей негізсіз әрі оны дәлелдейтін еш құжаттары жоқ. Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзу туралы Иранға қарсы уәждер өткен онжылдықтарда БҰҰ Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің барлық қарарларын масқара еткен режим тарапынан айтылуда»,- деді.
Дехқани сионистік басқыншы әрі қылмыскер режимді баршаны алдайтын режим деп атап: «Жылдар бойы палестиналықтардың жерлерін басып алып, олардың құқықтарын бұзып, сонымен бірге палестиналық әскери емес адамдарды, атап айтқанда әйелдер мен балаларды өлтіруді жалғастырып отырған режим енді Иранға лаңкестікті қолдайды деген айып тағып отыр»,- деп баса айтты.