Иран президенті Ирактағы "Арбағин" зияратшыларының шәһид болуына байланысты көңіл айтты
(last modified Sat, 26 Nov 2016 11:03:34 GMT )
Қар 26, 2016 17:03 Asia/Almaty
  • Иран президенті Ирактағы

ИИР президенті: "Лаңкестердің Ирактың Хилла қаласында Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсімінен қайтып келе жатқан зияратшыларды шәһид етуі олардың қауқарсыздығын көрсетеді" деді.

Иран президенті Хасан Рухани осы оқиғаға байланысты жолдауында бейсенбі күні Ирактың Хилла қаласында орын алған лаңкестік жарылыстың себепкерлерін айыптаумен қатар: "Арбағин ерлігінің салтанатты түрде өткізілуі  лаңкестер төзе алмайтын ашуралық халықтың ұлылығының бір белгісі болып табылады. " деп қуаттады.

Хосейн зияратшыларының, соның ішінде бірқатар ирандықтың шәһид болуы және жаралануымен аяқталған Ирактың Хилла қаласындағы лаңкестік әрекеттер барлық мұсылмандардың, әсіресе, шиіттердің жүректерін жаралады.

Иран үкіметі лаңкестер және әсірешілдермен жан-жақты күресті бұрынғысынша жалғастырады. Әлем жақын болашақта Ирак үкіметінің лаңкестік топтар және олардың қолдаушыларымен күресте қорытынды жеңіске жетуінің куәсі болады" деп қуаттады.

ИИР президенті сонымен қатар осы жолдауында шәһидтердің отбасыларына көңіл айтумен қатар, Ирактың Хилла қаласындағы лаңкестік әрекеттерде жараланғандардың тезірек сауығуын тіледі.

Бағдадтың оңтүстігіндегі Бабул облысының орталығы Хилла қаласының әш-Шумали аймағындағы бір жанармай құятын стансасында бомба қойылған көліктің жарылуы салдарынан осы уақытқа дейін 100 зияратшы шәһид болып, бірқатар адам жараланды.