ДАИШ әш-Шарқаттың кейбір аудандарынан кері шегінді
(last modified Mon, 28 Nov 2016 09:32:47 GMT )
Қар 28, 2016 15:32 Asia/Almaty
  • ДАИШ әш-Шарқаттың кейбір аудандарынан кері шегінді

Лаңкестік-тәкфіршіл ДАИШ тобының Ирактың Салахддин облысындағы сәтсіздіктерінен кейін бұл топ өз мүшелеріне әш-Шарқат қаласының кейбір аудандарынан кері шегінуге бұйрық берді.

ИРНА-ның al-Sumariya news хабар сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың бір әскери қайраткері жексенбі күні Киркуктың оңтүстігінен 55 шақырым жерде орналасқан әл-Хавиджа қаласындағы ДАИШ-тің жетекшісінің осы топтың әш-Шарқат қаласындағы қауіпсіздікке жауапты Моштақ Талаб пен осы топтың соты Рашид Мотлаққа өз мүшелерін әл-Исар жағалауынан шығаруға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Ирактық осы әскери қайраткер  мәліметтердің әл-Исар жағалауы, әл-Канус, Фарадж және әс-Садаре аймақтарында ДАИШ мүшелерінің санының күрт азайғанын көрсететінін айтып: "Бұл ортақ амал күштерінің әл-Исар жағалауындағы аймақтарға  ДАИШ лаңкестерінен азат ету үшін жақындауының нәтижесінде ДАИШ-тың күндерін  үрей мен қорқынышта өткізіп жатқанын білдіреді" деді.