Сирияның Алеппо қаласының ауыз су нысаны азат етілді
(last modified Tue, 29 Nov 2016 14:53:43 GMT )
Қар 29, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • Сирияның Алеппо қаласының ауыз су нысаны азат етілді

Сирия армиясы мен оның одақтастары осы елдің солтүстігіндегі Алеппода жаңа аймақтарды, соның ішінде осы қаланың ауыз су нысанын қарулы топтардың қарамағынан азат етті.

«Alalam» телеарнасының хабарлауынша, Алеппо облысының әкімі Хосейн Дияб Сирия армиясы мен оның одақтастарының «Жастар баспанасы», «шейх Хезр» аймақтары мен «әл-Махаледж» шеберханаларына, сонымен қатар «Солейман әл- Халаби» ауыз су нысанына кіргенін хабарлады. Сириялық күштер Алеппоның шығысында «Бостан әл- Баша» ауданының кең ауқымды бөлігін қарулы топтардың қарамағынан азат етті.

Осы мәлімет бойынша, Сирия армиясының техникалық топтары ауыз су нысанын тезірек іске қосуға күш салуда.

Сондай-ақ, Сириядағы Латакия маңындағы «Хмеймим» базасына бекінген Ресейдің ымыраласу орталығы Алеппо қаласының шығысындағы 14 ауданның азат етілгенін және шамамен бір мың тұрғынның осы аудандардан шығарылғанын хабарлады.

Халеб қаласы 2012 жылдан шығыс және батыс бөліміне бөлінді. Оның шығыс бөлігі лаңкестердің, ал батыс бөлігі Сирия армиясының қарамағында.