Сауд Арабиясында 3 шиіт белсендіге өлім жазасына кесу үкімі шығарылды
(last modified Thu, 01 Dec 2016 11:33:56 GMT )
Жел 01, 2016 17:33 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында 3 шиіт белсендіге өлім жазасына кесу үкімі шығарылды

Сауд Арабиясындағы бір сот осы елдің 3 шиіт белсендісіне өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, бұл 3 адам Қатифтегі шиіттер тұратын ауданнан шыққан.  Сот, сондай-ақ,  тағы бір шиіт белсендіні 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл шиіттер саудиялық режимге қарумен қарсы шықты деп айтыпталды. Сауд Арабиясының шығысындағы Қатиф пен Ахса аудандарында соңғы жылдары дінбасылар, белсенділер мен тіпті қарапайым адамдар ауқымды түрде қамауға алынып жатыр.

Сауд Арабиясында қамауға алу және өлім жазасына кесу үкімдері айыптылардың көбі саяси себептермен немесе жалған айыптармен қылмыскер деп танылған жағдайда орындалады.