Жел 01, 2016 21:19 Asia/Almaty
  • Йеменнің «Азал» тайпалары шапқыншылармен соғысқа атсалысуға әзірлік танытты

Йеменнің «Азал» тайпалары осы елдегі қылмыскер шапқыншылармен соғысқа атсалысуға әзірлік танытты.

«Азал» қаласындағы тайпалар Йемен астанасы Санада басқосу өткізіп,  соғыс майдандарына аттануға және Саудия шапқыншыларының Йемен халқына қарсы қылмыстары мен қырғындарына жауап қайтаруға әзір екендіктерін мәлімдеді. «Азал» тайпасы басшыларының бірі шейх Раджех әл- Меғдад Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің Саудия режимі мен олардың жалдамалы күштерінің шапқыншылықтары барысындағы жеңістерін дәріптеп: «Йемендік тайпалар өз елін, халықтың абыройы мен шарапатын қорғау жолында соғысу үшін толығымен әзір» деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер