Түркия халқы Құдста азан шақыруға тыйымның салынуына наразылық білдірді
(last modified Thu, 08 Dec 2016 09:00:56 GMT )
Жел 08, 2016 15:00 Asia/Almaty
  • Түркия халқы Құдста азан шақыруға тыйымның салынуына наразылық білдірді

Стамбұл халқы сәрсенбі күні Құдста азан шақыруға тыйым салынғанына наразылық білдіріп, осы қаладағы сионистік режимнің консулдығының алдына жиналды.

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның гуманитарлық көмектер жеткізу қоғамы (IHH) сәрсенбі күні сионистік режимнің Құдстың мешіттерінде азан шақыруға тыйым салу туралы шешіміне қарсылық білдіріп, Стамбұл қаласындағы  сионистік режимнің консулдығы алдында ауқымды жиын өткізді.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, осы жиынға қатысушылар мәлімдеме жариялап: «Сионистік дұшпан әл-Ақса мешіті мен Бейтулмұқаддасқа басқыншылығын әлі жалғастыруда. Сионист басқыншылар Палестинада азан шақыруға кедергі бола алмайтындықтарын білуі тиіс»,-деп баса айтқан.