Лаңкестер Халебтің шығысынан шығуды сұрауда
(last modified Thu, 08 Dec 2016 16:02:54 GMT )
Жел 08, 2016 22:02 Asia/Almaty
  • Лаңкестер Халебтің шығысынан шығуды сұрауда

Сирия армиясының Халебте алға жылжуымен орайлас "Фатх әш-Шам" лаңкестік тобы (бұрынғы ән-Носрат майданы) Халебтің шығысынан шығуды сұрауда.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің Сирияның "әл-Ахбарие" арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Халебтің шығысында бекінген "Фатх әш- Шам" лаңкестік тобы осы аймақтан шығу мақсатында Сирия армиясының күштерінен Халебтің солтүстігінде орналасқан Кастильо жолынан кері шегінуді өтініп отыр.

Халебтің солтүстігінде орналасқан Кастиьло стратегиялық жолы лаңкестердің Халебтің солтүстігіндегі Түркия шекараларымен жалғыз негізгі байланыс жолы болып табылады.

Сирия армиясының бөлімшелері Халеб қаласының шығысындағы қалған аймақтарды "Фатх әш- Шам" және тағы да басқа лаңкестік топтарға тәуелді лаңкестерден тазартуды жалғастыруда.

Сирия армиясының күштері Халеб шығысының 80 пайызын өз қарамағында ұстап отыр. Халебтің батысы да Сирия армиясы күштерінің қарамағында.

Көптеген лаңкестер Халебте Сирия армиясының күштеріне берілді.

Сирия армиясы осы елдің туын Халеб қамалының негізгі есігінің үсті мен Халеб қаласындағы әділет мекемесінің негізгі ғимаратына тікті.

Сондай- ақ лаңкестер сәрсенбі күні кешке Халебтің батысындағы тұрғын аймақтарды миномет және зымыранмен атқылады. Соның салдарынан 24 сириялық бейбіт адам қаза болып, шамамен 80 кісі жараланды.