Дамаск атысты тоқтату келісіміне табандылығын қуаттады
(last modified Wed, 02 Mar 2016 09:04:22 GMT )
Нау 02, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • Дамаск атысты тоқтату келісіміне табандылығын қуаттады

Сирия Президенті Дамаск үкіметінің елде атысты тоқтату келісіміне табанды екендігін қуаттады.

Сирияның ресми ақпарат агенттігі SANA-ның мәліметі бойынша, Сирия Президенті Башар Асад Германияның ARD арнасына берген сұхбатында: «Дамаск үкіметі атыс тоқтату келісімін бұзбайды, бірақ лаңкестер келісімнің бірінші сағаттарында оны бұзды. Сирия әскері атысты тоқтату келісімін сақтау үшін лаңкестерге жауап қайтармады»,- деді.

Башар Асад Сирия халқының жағдайын апатты деп атап, армия күштері өздері бақылайтын аймақтарда халықтың қажетті нәрселеріне жетуіне кедергі жасайды деген уәждерді теріске шығарды.

АҚШ пен Ресей өткен аптада дүйсенбі күні Сирияда атысты тоқтатуға келіскен болатын. Атысты тоқтату ДАИШ пен Ән-Носрат топтарын қамтымайды.