Сионистер мұсылмандардың тұңғыш құбыласын қорлады
(last modified Mon, 12 Dec 2016 16:30:07 GMT )
Жел 12, 2016 22:30 Asia/Almaty
  • Сионистер мұсылмандардың тұңғыш құбыласын қорлады

Сионистердің мұсылмандардың тұңғыш құбыласын қорлауының жалғасында сионистік қалашықтардың тұрғындары дүйсенбі күні сионистік режим әскерилерінің демеушілігімен әл- Ақса мешітін қорлады.

Сионист әскерилер де дүйсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Бейт Лахмдегі "әл- Даһише" қосынына шабуыл жасап, палестиналық жастарға қарай оқ атты. Соның салдарынан 4 адам жараланды.

Сионистік режимнің палестиналықтарға, соның ішінде балаларға қарсы қылмыстарының күшеюімен және осы режимнің исламдық мекендерге шапқыншылық жасап, "әл- Ақса" мешітін мекен және уақыт тұрғысынан бөлуге талпыныс жасауына байланысты палестиналықтар 2015 жылы қазан айында осы қылмыстардың қарымтасы ретінде Құдс интифазасын бастады.

Құдс интифазасы басталғаннан бері шамамен 270 палестиналық шәһид болып, көптеген адам жараланып, құрықталды.