Шамхани: Тәкфирлік лаңкестіктің жеңілісі Ирак үкіметінің біліктілігін дәлелдеді
(last modified Mon, 12 Dec 2016 16:38:50 GMT )
Жел 12, 2016 22:38 Asia/Almaty
  • Шамхани: Тәкфирлік лаңкестіктің жеңілісі Ирак үкіметінің біліктілігін дәлелдеді

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Тәкфирлік лаңкестіктің Ирактағы жеңілісі осы ел үкіметінің аймақтағы қауіпсіздікке қатер төндіруші ең маңызды қоқан-лоққыға тосқауыл қоюдағы біліктілігін дәлелдеді» деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда Ирак шиіттерінің ұлттық коалициясының төрағасы Аммар Хакимді қабылдауда: «Тәкфирлік лаңкестік топтардың шапқыншылығы мен қылмыстарына  қарсы  шиіт, сүннит, күрд, түркімен және изадилердің тұтастығы ирактық барлық қауымдар мен мазхабтардың ұлттық бірлігі мен тұтастығының белгісі болып табылады.

Ирак халқының арасына жік салу мен іріткі салу үшін шетелдіктердің жетекшілігімен қитұрқы әрекеттер жасалып жатыр. Осы әрекеттер қырағылық пен ықпалдастықтың жалғасуының арқасында сәтсіздікке ұшырауы керек» деді.

Ол Ирактағы лаңкестік топтар мен олардың одақтастарын  түпкі жеңіліске ұшырату үшін кері санақтың басталғанына сілтеме жасап: «Лаңкестіктің қайтадан жандануына бөгет жасау үшін әсірешілдік пен тәкфирліктің тамырлары мен оның аймақтық демеушілеріне әсерлі түрде тосқауыл қою ислам елдері мен халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіне қойылуы керек» деді.