Ирандық инвесторлар Ауғанстанда кеден тарифтерінен босатылады
(last modified Wed, 02 Mar 2016 15:59:30 GMT )
Нау 02, 2016 21:59 Asia/Almaty
  • Ирандық инвесторлар Ауғанстанда кеден тарифтерінен босатылады

Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі ирандық инвесторлар Ауғанстанға инвестиция салса, кеден тарифтерінен босатылатынын мәлімдеді.

Хумаюн Раса Кабулде Иранның үшінші арнайы көрмесінің ашылуы рәсімінде қазіргі кезде Ауғанстанның қажеттіліктерінің 16 пайызының Иран арқылы қамтамасыз етілетіндігін мәлімдеп: «Ауғанстанға түрлі елдердің көптеген компаниялары инвестиция салған, бірақ Иранға қатысты меморандумдардың көбісі қағаз жүзінде қалып отыр. Кабул соларды іске асыруға мүдделі» деді.

Ол экспорт пен импортта теңгерімнің болмауын екі елдің сауда- саттық қатынастарын кеңейту жолындағы кедергілердің бірі деп атап: «Біз Ираннан Ауғанстанда өндірілген тауарларға кеден тарифтерін қысқарту арқылы бізге сауда- саттық балансын жақсартуға қол ұшын беруді күтеміз.

Ауғанстанда ирандықтар тарапынан өндіріс желісінің құрылуы Ауғанстан экономикасына көп көмегін тигізе алады, өйткені бұл ел арзан жұмыс күшіне ие» деді.

Иранның Ауғанстандағы үшінші арнайы көрмесі бүгін сәрсенбіден басталып, төрт күн бойы Кабулде жұмыс істейді.