Иран Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді қолдайды
Иранның Сот билігінің адам құқығы басқармасы Сирия дағдарысын саяси жолмен және келіссөздер арқылы шешуді қуаттады.
SANA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сот билігінің адам құқығы басқармасының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани Женевадағы БҰҰ-ның 31-ші Халықаралық адам құқығы отырысының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Иран бұрынғысынша Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді қуаттап, жауластықты доғарып, Сирия үкіметі мен қарулы қарсылас топтардың арасында келіссөздерді бастауды сұрайды
Иранның ұстанымы үш принципті, атап айтқанда, Сирия халқының тағдырын анықтаудағы талап-тілегін құрметтеу, шетелдік араласушылықтың алдын алу мен Сирияның егемендігі және тәуелсіздігін құрметтеу, сондай-ақ, саяси мақсаттарға жету құралы болып табылатын лаңкестікті түп-тамырымен жою принциптерін қолдау болып табылады" деді.
Лариджани сонымен қатар батыс елдерінің Сириядағы екіұшты саясаттарын сынап, әлемдегі көптеген елдерде қиыншылық тудырған лаңкестік, әсірешілдік пен адам құқығын бұзатын басты жайттармен күресу үшін бірлескен жұмыс майданын құруды сұрады.