Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан бірқатар йемендік азамат қаза болды
(last modified Mon, 01 Feb 2016 08:55:36 GMT )
Ақп 01, 2016 14:55 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының шабуылдары салдарынан бірқатар йемендік азамат қаза болды

Сауд Арабиясы қырғи ұшақтарының әл-Ходайде облысына жасаған шабуылының салдарынан бірақатар йемендік азамат қаза болды.

Ливанның «Әл-Майадин» арнасының мәліметінше, Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары жексенбі күні әл-Ходайде портында йемендік балықшылардың 70 қайығына шабуыл жасап, бірқатар йемендік балықшыны өлтірді.

Сауд Арабиясының әскери ұшақтары сондай-ақ әл-Ходайде портындағы тұрғын үйлерді бомбалады.

Саудиялық шапқыншылар коалициясының әскери ұшақтары Сааның халықаралық әуежайының шығысы мен Сананың батысындағы Аср аймағын бомбалап, ұш әйел мен үш баланың өліміне себеп болды.

Йеменнің қауіпсіздік күштері әл-Ходайде облысында Сауд режимі жалдамалыларының қару-жарақ қорын тауып, жарып жіберді.

Йеменнің әскері мен халық күштері де Сауд Арабиясының шабуылдарына жауап ретінде Сауд Арабиясының әл-Рабуе аймағына қарай 4 зымыран атты.

Джизандағы әт-Тавал өткеліндегі Сауд Арабиясының әскери базалары да Йемен әскері мен халықтық күштері артиллериясының нысанасына алынып, нәтижесінде бірнеше саудиялық әскери өлді.