Иран мен Түркияның Сыртқы істер министрлері Алеппоның жағдайы туралы кеңестерін жалғастыруда
Иран мен Түркияның Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбатта Алепподан әскери емес бейбіт адамдарды шығару туралы тағы сөйлесті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Мевлүт Чавушоғлу бейсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлесіп, Алепподан әскери емес бейбіт адамдарды шығару және атысты тоқтату туралы пікір алмасты.
Телефон арқылы орнатылған сұхбатта Түркия Сыртқы істер министрі: «Алеппода атысты тоқтату өте маңызды. Қақтығысып жатқан тараптар атысты тоқтату бітімін бұзбауы керек. Атысты тоқтату және әскери емес бейбіт адамдарды қаладан шығару Сирияның бүкіл аймақтарында соғысты тоқтату үшін үлгі және мәселені саяси жолмен шешу үшін себеп бола алады»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те лаңкестердің шабуылдарынан зардап шеккен Сирияның Алеппо қаласы мен басқа аймақтарындағы халыққа көмек жеткізу жағдайын орнату қажеттігін қуаттады.