Рамаллада бір палестиналық шәһид болды
(last modified Sun, 18 Dec 2016 07:52:32 GMT )
Жел 18, 2016 13:52 Asia/Almaty
  • Рамаллада бір палестиналық шәһид болды

Сионистік режим әскерилерінің сенбі күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауына шабуылы салдарынан бір палестиналық жас жігіт шәһид болды.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, сионистік режим әскерилерінің Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстік-батысында орналасқан Бейт-Рима ауданына  баса-көктеп кіруі басқыншы күштер мен палестиналықтар арасындағы қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Соның салдарынан 19 жастағы Ахмад Хазем әр-Римави есімді бір палестиналық жас жігіт шәһид болды.

Бұл палестиналық жас жігіт Палестина азаматтарының сенбі күні интифаза кезінде шәһид болған 6 адамның жаназасын шығарып жатқан жағдайда шәһид болды. Сионистік режим бұл мәйіттерді бірнеше ай өткен соң сенбі күні таңертең жанұяларына қайтарған болатын.  

Құдс зерттеу орталығы өткен бейсенбі күні жариялаған мәліметте 2015 жылдың қазан айынан басталған Құдс интифазасында шәһид болғандардың санын 268 адам деп жариялады.

Осындай жағдайда Палестина қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың әскери тармағы Аззеддин Қиссамның батальондары сенбі күнгі бір мәлімдемеде сионистік режимнің Палестина жеріндегі қылмыстарын айыптап: «Сионистердің қылмыстарының көбеюіне жауап ретінде басып алынған жерлерде өзіміздің оларға қарсы әрекеттерімізді күшейтетін боламыз»,-деп мәлімдеді.