Сауд Арабиясында мыңдаған адам лаңкестік топтарға қатысы бар деген айыппен қамауға алынды
(last modified Sun, 18 Dec 2016 08:32:17 GMT )
Жел 18, 2016 14:32 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында мыңдаған адам лаңкестік топтарға қатысы бар деген  айыппен қамауға алынды

Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігі мыңдаған адамның лаңкестік топтарға қатысы бар деген айыппен қамауға алынғанын хабарлады

Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігіне қарасты «Нафезе Тауасел» атты сайттың сенбі күні жариялаған статистикалық мәліметіне сәйкес осы елдің 5167 азаматы терроризмге қатысы бар деген айыппен саудиялық қоғамдық прокуратура мен тергеу бөлімшелерінің түрмелерінде жатыр.

Қамалғандардың кейбіреулеріне үкім шығарылған. Олар айыптарын өтеп жатыр. Ал басқа біреулеріне қатысты сот жүріп жатыр. Тағы бір тобына тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Осы мәлімет бойынша, қамауға алынғандардың арасында саудиялық азаматтармен бірге Мысыр, Пәкістан, Йемен мен Сирияның да азаматтары бар.

Сауд Арабиясы лаңкестік топтарды демеуші ретінде арагідік бір топ адамды лаңкестік әрекеттер жасады деген сылтаумен қамауға алады.

Сауд Арабиясы мен Катар аймақтағы әртүрлі лаңкестік топтардың, соның ішінде ДАИШ пен ән-Носрат майданына қаржылай қолдау көрсетеді.