Әл-Сауд режимі Йемен халқын ағылшындардың қару-жарағымен қыруда
(last modified Wed, 21 Dec 2016 08:14:57 GMT )
Жел 21, 2016 14:14 Asia/Almaty
  • Әл-Сауд режимі Йемен халқын ағылшындардың қару-жарағымен қыруда

Англияның Қорғаныс министрі Майкл Фэллон өз елінің Парламентінде сөйлеген сөзінде осы елде өндірілген жарықшақты бомбалардың Сауд Арабиясы тарапынан Йеменде қолданылғанын растады. Оның сөздері Англия Парламенті мен қайырымдылық қорлары өкілдерінің Англияның Сауд Арабиясының Йемендегі әскери әрекеттеріне қолдау көрсетуін тоқтату үшін қысымдарды арттыруға себеп болды.

Фэллонның саудиялық әуе күштерінің жарықшақты бомбаларды Йеменнің бейкүнә халқына, әсіресе әйелдер мен балаларға қарсы  қолдану туралы айтқан жуырдағы әшкере сөздері батыс елдерінің адам құқығына қатысты екіұшты критерий ұстанатынын көрсетеді.

Халықаралық заңдар жарықшақты бомба қолдануға тыйым салған. Бірақ Фэллон Англияның Арабстанға демеушілік жасайтынын қорғап, «ешбір халықаралық заң бұзылған жоқ» деген уәж айтты. Арабстан да таяуда Йемен соғысында тыйым салынған қаруларды қолданғанын ресми түрде мойындады.

Сауд режимі Йеменге әуеден кең ауқымды шабуылдарын бастағаннан бері БҰҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, он мыңнан астам адам өлтіріліп, он мыңдаған адам жарақат алған. Сонымен қатар Йеменнің инфрақұрылымдары мен тұрғын аймақтары мақсатты түрде бомбаланып, жойылды. Саудияның қырғи ұшақтарының бомбалау үшін жаңа нысандары болмағандықтан, бірақ йемендіктерді Сауд режимінің алдында мойынсұндыруға мәжбүрлеу үшін базарлар мен мешіттер және мектептер сынды қоғамдық орындарды бомбалауда. Алайда батыс елдері, әсіресе Арабстанды қару-жарақ тұрғысынан қамтамасыз етіп отырған негізгі екі ел – Англия мен Америка тарапынан еш наразылық дауысы естілмей отыр.  

Мұнымен қатар Сирия армиясы мен сол елдің одақтастарының күштерінің соңғы бірнеше аптадан бері осы маңызды да сезімтал аймақтың азат етілуі мен сол аймақтан лаңкес топтарды қуып шығуға ұластырған Алеппоның шығысын азат ету үшін жасап жатқан кең ауқымды операцияларының батыстың саяси және ақпараттық қатаң реакцияларымен бетпе-бет келуіне куә болып отырмыз.

2012 жылдан бері Алеппоның шығыс аймақтарын басып алып, осы қаланың халқын қырып, сансыз қылмыстар жасаған  лаңкестік топтарға Батыс пен араб басшылары мен ақпарат құралдары екіжүзділікпен өкініш білдіруде. Алеппоның шығысы "Джабхат ан-Нусра" сынды лаңкестік топтардың басқыншылығында болған кезде оның жағдайы керемет болып, енді Сирияның заңды үкіметі өзінің егемендігін бекіту үшін Алеппо қаласын лаңкестердің басқыншылығынан азат еткен кезде олардың әрекеттеріне заңға томпақ, адамзатқа қайшы әрекет сынды қылық танытуда. Осы салада батыс елдерінің, соның ішінде Францияның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде  Сирия үкіметінің әрекетін айыптап, Алеппоның шығысында әскери операцияларды тоқтату үшін бірнеше резолюцияның жобасын ұсынуын атауға болады. Алайда олардың жобалары Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі Ресейдің қарсылық білдіруіне байланысты бекітілген жоқ. Батыс елдерінің келесі әрекеті лаңкестік топтарды Алеппоның шығысынан шығаруда бақылаушы күштердің қатысуын сұраған резолюцияның жобасын ұсынуы болды. Бірақ Ресей кейбір өзгертулер арқылы оны қабылдады. Бұл резолюцияның ұсынылуы батыс елдерінің лаңкестерді Алеппоның шығысынан аман-есен шығарып, оларды Сирияның басқа жерлеріндегі сол елдің халқына қарсы бүлдіргі әрекеттерін жалғастыруды мақсат ететіндіктерін көрсетеді.