Түркия премьер-министрі Иранға келеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2089-Түркия_премьер_министрі_Иранға_келеді
Түркия премьер-министрі екіжақты саяси, мәдени және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту және байланыстарды дамыту мақсатында Иранға сапармен келеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 04, 2016 17:42 Asia/Almaty
  • Түркия премьер-министрі Иранға келеді

Түркия премьер-министрі екіжақты саяси, мәдени және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту және байланыстарды дамыту мақсатында Иранға сапармен келеді.

Иранның Анкарадағы елшілігі Түркия премьер-министрі Ахмед Давудоглудың саяси-экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап ИИР-ның басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін бүгін жұма күні екі күндік сапармен Теһранға келетінін мәлімдеді.

Түркия премьер-министрінің Иранға сапары екіжақты саяси, мәдени және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту және байланыстарды дамыту мақсатында орын алады. Давудоглу осы сапарында Иран қайраткерлерімен аймақтағы, әсіресе, Сириядағы өзгерістер туралы сұхбаттасатын болады.