Түркия премьер-министрі Иранға келеді
Нау 04, 2016 17:42 Asia/Almaty
Түркия премьер-министрі екіжақты саяси, мәдени және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту және байланыстарды дамыту мақсатында Иранға сапармен келеді.
Иранның Анкарадағы елшілігі Түркия премьер-министрі Ахмед Давудоглудың саяси-экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап ИИР-ның басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін бүгін жұма күні екі күндік сапармен Теһранға келетінін мәлімдеді.
Түркия премьер-министрінің Иранға сапары екіжақты саяси, мәдени және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту және байланыстарды дамыту мақсатында орын алады. Давудоглу осы сапарында Иран қайраткерлерімен аймақтағы, әсіресе, Сириядағы өзгерістер туралы сұхбаттасатын болады.
Тегтер