Насролла: Исламды лаңкестікпен айыптау – Батыстың қастығы
Ливан Хезболласының бас хатшысы: "Кейбір батыс елдерінің ақпарат құралдары ДАИШ-ті атаған кезде "исламдық үкімет", "радикалды ислам", "исламдық радикалдық топ" және "исламдық лаңкестер" деген сөз тіркестерін пайдаланады. Бұл осы үгіт-насихаттардың Исламға қарсы қастықтың бір бөлігі екенін көрсетеді" деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жұма күні кешке Бейруттың оңтүстік ауданындағы "Сейед әш-Шоһада" кешенінде өткен бір рәсімде Ислам дінінің тарих бойында ешуақытта өткен бірнеше жылдардағыдай өз бейнесінің бұрмалануымен бетпе-бет келмегенін айтып: "Осындай жағдайда мұсылмандардың барлығы діни, тарихи және ахлақтық міндеттерге ие. Кез-келген тәсілмен тәкфіршілдердің іс-әрекеттерін айыптап, олардың әрекеттерінің Исламмен ешқандай байланысы жоқ екендігін мәлімдеу керек" деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы Батыстың Алеппоның азат етілуіне қарсы ашқан ақпараттық соғысына тоқталып: "Кейбір ақпарат құралдары, соның ішінде "Әл-Арабия", "әл-Джазира" мен CNN саудиялықтардың Йемендегі соғыс пен сол елдің қоршауы алынуы салдарынан ашаршылықтан қаза болған йемендік балалардың суреттерін жариялап, оларды Алеппоның балалары деген уәж айтуда" деді.