Сионистер палестиналық балаларды қасақана өлтіреді
Балаларды қорғау әлемдік қозғалысы сионистік режим әскерилерінің палестиналық балаларды қасақана нысанаға алатындықтарын мәлімдеді.
Палестина ақпарат тарату орталығының мәлімдеуі бойынша, балаларды қорғау әлемдік қозғалысының Палестина бөлімі сенбі күні Құдс интифазасы басталғаннан осы уақытқа дейін сионистік режимнің әскерилері тарапынан 41 палестиналық баланың шәһид болғанын мәлімдеп: «Осы режимнің әскерилері палестиналық балаларға қасақана оқ ату саясатын оларды өлтіру мақсатында ұстанып отыр. Бұл заңсыз шара болып табылады» деп қуаттады.
Балаларды қорғау әлемдік қозғалысының Палестина бөлімі 2016 жылы сионистік режим тарапынан 16 палестиналық баланың шәһид болғанына сілтеме жасап: «Бұл режим палестиналық балалардың өліміне қатысты істерге ешқандай тергеу жасамастан, олардың отбасыларының өз перзенттерінің мәйіттерін ашып тексеру туралы жасаған өтініштеріне қарсылық танытты» деді.
Құдс интифазасы басталғаннан қазірге дейін Иордан өзені батыс жағалауының түрлі аймақтары мен Құдс және Газа секторында сионистік режимнің әскерилері тарапынан палестиналық 41 бала оққа ұшып, шәһид болған.