Доханың ұсынысына Дамасктің келіспеуі - Сирия дағдарысы себептерінің бірі
(last modified Sun, 01 Jan 2017 07:38:00 GMT )
Қаң 01, 2017 13:38 Asia/Almaty
  • Доханың ұсынысына Дамасктің келіспеуі - Сирия дағдарысы себептерінің бірі

Сирия президенті Дамасктің Катар ұсынған мұнай құбыр жолын тартуға келіспеуін 2011 жылы Сирияда соғыс ашудың себептерінің бірі деп атады.

Сирия президенті Башар Асад Италияның "Il Giornale" газетіне берген сұхбатта Доханың мұнай құбыр жолын салу туралы ұсынысына Дамасктің қарсылық білдіргені туралы мәлімдеп: «Бұл ұсыныс еш уақытта ашық түрде Сирияға жарияланбағанымен, сөзсіз, осы мәселе жоспарланған әрі мақсатты іс болды» деді.

Сирия президенті Батыстың осы елдегі лаңкестік топтарға тікелей және жанама түрде қолдау көрсетуіп отырғанына сілтеме жасап: «Дамасктің саясатына қарсы болған көптеген елдер, соның ішінде Катар Сирияның энергия орталығы немесе тіпті, темір жолдың торабы болуына қарсы болды» деді.

Башар Асад сондай- ақ Сирия халқының соғыстан кейін елген оралатындықтарына сенім білдіріп: «Лаңкестіктің көзі жойылған соң Сирия халқы сансыз тәжірибелерімен соғысқа дейінгі қоғамнан күштірек болады» деді.

Сирия президенті батыстықтардың осы елге қатысты қате саясаты өзгерген соң олармен ынтымақтастық жасауды қолдап: «Әрдайым түрлі тайпалар мен діндердің мекені болған Сирияда христиандардың рөлі әсерлі болды» деп ескерді.