Рухани: Иран Сириядағы атысты тоқтату жағдайының орнағанын қолдайды
(last modified Sun, 01 Jan 2017 11:21:44 GMT )
Қаң 01, 2017 17:21 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Сириядағы атысты тоқтату жағдайының орнағанын қолдайды

ИИР президенті Теһранның Сирияда атысты тоқтату жағдайының орнағанын қолдайтынын мәлімдеп: «Атысты тоқтату кезеңінің лаңкестердің күшейіп кетуіне мүмкіндік тудырмауына сақ болған жөн»,- деді.

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке Теһранда Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллеммен кездесуі кезінде Сирияның қарсыласушы Үкіметі, әскері мен халқының лаңкестікпен күрестегі әсіресе Алеппо қаласында қол жеткізген жеңістерімен құттықтап: «Алепподағы жеңіс лаңкестерге қылмыс пен қантөгушілікке негізделген қате жолда ешқашан жетістікке жетпейтіндіктерін үйретті»,- деді.

Сонымен қатар, Рухани Алеппо қаласындағы жеңістен кейін Сирияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату мақсатында лаңкестікке қарсы шаралар мен саяси әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайдың туындағанын айтып: «Сирия дағдарысын шешуге бағытталған әрекеттер мен бейбітшілік келіссөздері Дамасктің бүкіл Сирияға билік етуі, оның халқы үшін қауіпсіздік орнатуы мен бұл елдің территориялық біртұтастығын сақтап қалумен аяқталмақ»,- деді.

Сирия СІМ аталмыш кездесу барысында Сирия президенті Башар Асадтың Иран үкіметі мен халқына сәлемі мен алғысын жолдап: «ИИР-дың жан-жақты қолдаулары Сирия халқының лаңкестерге қарсы күрескерлік рухының күшеюіне айтарлықтай ықпалын тигізгені және болашақта да тигізетідігіне ешбір күмән жоқ»,- деді.