Малеки: Аймақта лаңкестікті қолдану саясаты сәтсіздікке ұшыраған
Ирак президентінің бірінші орынбасары дұшпандардың аймақта өз мақсаттарына жету үшін лаңкестікті қолдану саясатының жеңіліске ұшырағанын мәлімдеді.
Ирак президентінің бірінші орынбасары Нури Малеки сейсенбі күні Теһранда Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының зерттеуші ғалымдары алдында сөйлеген сөзінде: «Лаңкестікті қолдану саясаты аймақтың картасын өзгерту және Ирак пен Сирияда тайпашылдық сезімдерді пайдалану құралы ретінде сәтсіздікке ұшыраған.
Түркия, Сауд Арабиясы және Катар сияқты лаңкестікті демеуші елдер қазір әлсіреп лаңкестердің тікелей шабуылының нысанасына алынып отыр.
Ресейдің рөлі мен оның Иран және Сириямен байланысының айқындалуымен Батыстың, әсіресе Американың аймақтағы рөлі құлдырап, қарсыласу өзегі нығаюда» деді.
Ирак президентінің бірінші орынбасары Нури Малеки Иран ислам республикасының басшыларымен кездесу мақсатында сенбі күні кешке Теһранға келді.