ДАИШ лаңкестері Мосулдан қашуда
Ирактың полиция басшысы Шакер Джудат ирактық ұшақтардың сейсенбі күні ДАИШ лаңкестері тобының көліктері және бронетраспортерлерімен Мосулдың оңтүстік-шығысындағы әл-Вахде аймағынан әл-Баас аймағына қарай қашып бара жатқанын көргені туралы хабарлады.
«Әл-Әлам» агенттігінің мәліметі бойынша, Ирак соғысының үгіт-насихаттық штабы сейсенбі күні әл-Маарез аймағы мен Мосулдың шығысындағы жағалауда орналасқан сауда орталығын, әл-Караме аймағындағы ұн зауыты мен «Мерседес» компаниясын және өнеркәсіпті аймақты босатқанын хабарлаған.
Нейнава облысының жергілікті тұрғындарының бірі: «Мосулдың шығысындағы әл-Караме аймағында ДАИШ лаңкестік тобының ақпараттандыру комитетінің басшысы мен екі адам, соның ішінде фотограф ирактық қауіпсіздік күштерімен қақтығыста өлді.
ДАИШ лаңкестік тобы ақпарат саласындағы өзінің ондаған адамын бетпе-бет келетін қақтығыстарға дайындады»,- деді.