Иран Ливан әскерін қарумен қамтамасыз етуге дайын
(last modified Sat, 07 Jan 2017 08:46:10 GMT )
Қаң 07, 2017 14:46 Asia/Almaty
  • Иран Ливан әскерін қарумен қамтамасыз етуге дайын

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитет басшысы Иранның Ливан әскерін қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын екендігін мәлімдеді.

Аталмыш рәсімнен соң Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитет басшысы тілшілерге берген сұхбатында Ливанның бұрынғы Қорғаныс министрі Самир Моқбелдің қарумен қамтамасыз ету жайлы келісімге қатысты Иранға жасаған сапарына сілтеме жасап: «Иранның Ливан әскерін қару-жарақпен қамтамасыз етуге қатысты соңғы шешімді Иран үкіметі қабылдайды»,- деді.

Буруджерди Ливандағы президент сайлауына қатысты мәселенің шешілгеніне қуаныш білдіріп: «Бүгін Иран мен Ливан арасында барлық салаларда, әсіресе сауда-саттық, экономика саласында екі жақты қарым-қатынастарды кеңейту үшін қолайлы жағдай туып отыр»,- деп қуаттады.

Буруджерди Ливандық «Хезболла» партиясының Сирияда бұл ел әскерінің лаңкестікпен күресте көмек көрсету мақсатында орналасуына сілтеме жасап: «Иран, Ресей және «Хезболла» әскери күштерінің Сирия үкіметінің келісімі және өтінішімен бұл елдегі қауіпсіздікті, территориялық біртұтастық пен тұрақтылықты қорғау мақсатында келгені баршаға мәлім»,- деп мәлімдеді.