Қаң 08, 2017 16:19 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Түркия өз әскерилерін Ирак жерінен шығарады

Ирактың премьер-министрі: «Түркия өз әскери күштерін Ирактың солтүстігінен шығаруға міндеттелді»,- деп мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади сенбі күні Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырыммен Бағдадта өткен бірлескен баспасөз отырысында: «Анкара өз әскери күштерін Ирактың солтүстігінде орналасқан Мосулдің Башика базасынан шығарып, бұл елдің ұлттық билігі мен территориялық біртұтастығын құрметтеуге міндеттеме алды»,- деп баса айтты.

Сондай-ақ, әл-Абади Ирак пен Түркияның көршілестік қатынастарын сақтап, бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы жайлы келісімге келгенін де хабарлады.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым аталмыш баспасөз отырысында: «Анкара Ирак үкіметі мен оның территориялық біртұтастығына қауіп төндіретін ешбір әрекетке жол бермейді. Анкара Башика қаласындағы әскери күштерінің құзыр тебуі мәселесін тез арада шешуге міндеттелді»,- деп қуаттады.

 

Тегтер