Түркиядағы Ресей елшісінің қастандықпен өлтірілуіне байланысты 5 адам құрықталды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i22855-Түркиядағы_Ресей_елшісінің_қастандықпен_өлтірілуіне_байланысты_5_адам_құрықталды
Түркияның "Анадолы" ақпарат агенттігі Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың қастандықпен өлтірілуіне байланысты 5 адамның құрықталғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 08, 2017 21:06 Asia/Almaty
  • Түркиядағы Ресей елшісінің қастандықпен өлтірілуіне байланысты 5 адам құрықталды

Түркияның "Анадолы" ақпарат агенттігі Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың қастандықпен өлтірілуіне байланысты 5 адамның құрықталғанын хабарлады.

"Анадолы" ақпарат агенттігі Измир прокуратурасына сілтеме жасап, Түркиядағы Ресей елшісіне қастандық жасаушының 5 досының ол білім алған полиция факультетінде ұсталғанын хабарлады. Олардың төртеуі Фетхолла Гүленнің тобына қарасты көрінеді. Түркия полициясының арнайы қызметкері Мевлют Мерет Алтинташ 2016 жылы 19-шы желтоқсанда Анкарадағы Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтірді.