Башар Асад аятолла Һашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Сирия Президенті Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына байланысты Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мен Иран Президенті Хасан Руханиге көңіл айтты.
Сирияның САНА ресми ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия Президенті Башар Асадтың Ислам революциясының жетекшісіне жіберген жолдауының бір бөлімінде: «Аятолла Һашеми Рафсанджани жылдар бойы патшаның қауіпсіздік ұйымының абақтысында қамауда болып, азап-қорлық көрді. Сонымен бірге достарымен Иран Ислам революциясының жеңісі мен Иранның мүдделерін қорғайтын идеяларды қорғау жолында талпыныс жасады»,- деп жазылған.
Сирия Президентінің Хасан Руханиге жіберген жолдауында да: «Аятолла Һашеми Рафсанджани Иран халқының бостандығы мен беделін үшін күшін аямаған азамат ретінде танымал. Ол әрқашан достық пен бірлікті қуаттап, азат ой-пікір мен мықты жігерге ие болып, өз елі мен халқына сенетінін дәлелдеді»,- деп қуаттады.
Сондай-ақ, Әзірбайжан, Армения, Алжир, Кот-д'Ивуар, Ливан президенттері мен Кавказ мұсылмандары басқармасының басшысы жолдау жіберіп, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанидың қайтыс болуына байланысты Ислам революциясының жетекшісі мен Иран Президенті және Иран халқына көңіл айтты.