Бахрейн режимі бахрейндік үш жігітті атып өлтірді
Бахрейн режимі бахрейндік үш жігітті атып өлтірді.
Бұған дейін Бахрейн патшасы Хамд Бин Иса Але Халифе сенбі күні әд-Дие аймағында «Бахрейн полициясының күштеріне шабуыл жасады» деген айыппен осы бахрейндік үш жігітті өлім жазасына кесу туралы үкімнің шығарылғанын растаған болатын.
Бахрейн халқы осы елдің патшасы үш саяси тұтқынға шығарылған өлім жазасы үкімін растаған соң көшелерге шығып, шеру өткізді. Сенбі күні кешке Манаманың батысындағы әд-Дираз аймағында осы әділетсіз үкімдерге қарсылық білдірген кең ауқымды шерулер өтті. Манамадағы Навидрат аймағының тұрғындары да бахрейндік тұтқын үш жігіттің өлім жазасы үкімдерінің орындалу ықтималына қарсылық білдіріп, көшелерге шығып, шеру өткізді. Мұнымен бір мезгілде Адам құқығын бақылаушы ұйым өзінің жаңа есебінде Халифе әулеті режимінің 2016 жылы қарсыластарды жаппай басып- жаншығанын және Бахрейнде сөз бостандығын басып-жаншужың ауқымды түрде іске асатынын қуаттады.
Бахрейн 2011 жылдың ақпан айынан бері Халифе әулеті режиміне қарсы халықтық наразылықтарға куә болып отыр. Бахрейн халқы өз елінде бостандық пен әділет орнатуды және кемсітушілікті жоюды талап етуде.