Лаңкестер Сирияның Халеб қаласына минометпен шабуыл жасады
Лаңкестер Сирияның солтүстігіндегі Халеб қаласына минометпен шабуыл жасап, осы елдің ондаған азаматын қанға бөктірді.
Сирия ақпарат агенттігі САНА- ның дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, лаңкестер ондаған минометпен Сирияның Халеб қаласының әш- Шейх Мақсұт аймағын нысанаға алған. Осы шабуылдың салдарынан 13 адам қаза тауып, кем дегенде 40 кісі жараланған.
Шабуылдан сондай-ақ сириялық азаматтардың үйлері мен көліктеріне зиян тиді.
Сириядан келіп түскен келесі бір хабар бойынша, бейберекеттіктердің ұлғаюы және ИСИМ лаңкестік тобының Сирияның эр-Ракка қаласының тұрғындарына қысымының күшеюімен осы қаланың жүздеген тұрғыны аталмыш лаңкестік топтың мүшелерімен шайқасқан.
Сондай- ақ кейбір мәліметтер эр-Ракка облысына қарасты кейбір аймақтарда Сирияның туы желбірегенін аңғартады.
Эр-Ракка ИСИМ лаңкестік тобы бекінген Сириядағы негізгі орталық болып табылады.
Сирия шамамен 5 жылдан бері Батыс және АҚШ- тың аймақтағы одақтастары қолдап отырған ИСИМ сияқты лаңкестік топтардың әрекеттері үшін дағдарысқа ұшырап отыр.