Халифе әулеті билігінің құрдымға кетуі жақын
Бахрейннің Исламдық адам құқығы комиссиясының төрағасы Масуд Шаджаре жексенбі күні кешке Халифе әулеті режимінің құрдымға кетуінің басталғанын қуаттап: «Халифе әулеті режимі Бахрейннің төңкерісшіл жастарын өлім жазасына кесумен адам құқығы ережелері мен демократиядан қаншалықты алшақтағанын көрсетті» деді.
Масуд Шаджаре Лондонда Иран телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне арнайы берген сұхбатында: «Халифе әулеті режимі Бахрейннің төңкерісшіл жастарын өлім жазасына кесумен кейбір Батыс үкіметтері мен сионистік режимнің мүддесін қамтамасыз ету үшін, тіпті өз халқын өлтіруден аянбайтынын көрсетті» деді.
Исламдық адам құқығы комиссиясының төрағасы кейбір Батыс үкіметтерінің басып-жаншушы режимдерге, атап айтқанда Халифе әулеті режиміне қолдау көрсетуіне және халықаралық органдардың осындай режимдердің қылмыстарына қатысты үнсіздігіне сілтеме жасап: «Батыстың адам құқығы мен демократия мәселелеріне екіұшты қатынас көрсетуін ешбір қисынмен ақтауға болмайды.
Бахрейндік жастар өздерінің шәһид болуымен тек осы ел халқының адами көтерілісін бір қадам алға жылжытуымен қатар, адам құқығы мен демократияны қорғаушысымақтардың шын бейнесін әшкереледі» деді.