Бахрейндік үш жігітке өлім жазасының қолданылуына байланысты шерулер жалғасуда
Бахрейнде осы елдің үш жігітіне өлім жазасының қолданылуына байланысты халықтық шерулер жалғасуда.
Халифе режимі жексенбі күні таңертең қамауға алынған үш бахрейндік қарсылас Сами Мошаиме, Әли Санкис және Аббас Самиды атып, өлім жазасын іске асырды. Бұл үш жігітке 2014-ші жылдың наурыз айында әл-Даие аймағында полиция күштеріне шабуыл жасады деген негізсіз айып тағылған болатын.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Манаманың батысындағы әл-Дираз аймағында сейсенбі күні кешке шейх Иса Қасемнің үйінің айналасында халықтық шеру өтті. Бахрейндіктер Навидран аймағында да үш бахрейндік жігіттің отбасыларына тілеулестіктерін білдіру үшін жиналып, үш жігітті өлтіргендерге қасас етуді талап етті. Бахрейн үкіметінің қауіпсіздік күштері шерушілерге шабуыл жасап, оларды тарқату үшін көзді жасаурататын газ пайдаланды.