Түркия әскерилері Сирияның күрд күштеріне оқ жаудырды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2362-Түркия_әскерилері_Сирияның_күрд_күштеріне_оқ_жаудырды
Сирияның солтүстігіндегі күрдтер Түркия армиясын Алеппо қаласының солтүстік аудандарындағы өздерінің позицияларын атқылады деп айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 08, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • Түркия әскерилері Сирияның күрд күштеріне оқ жаудырды

Сирияның солтүстігіндегі күрдтер Түркия армиясын Алеппо қаласының солтүстік аудандарындағы өздерінің позицияларын атқылады деп айыптады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның «Демократиялық одақ» партиясының әскери тармағы «Халықты қорғау» бөлімшелерінің ақпарат өкілі Ридвар Халил дүйсенбі күні: «Алеппоның солтүстігіндегі Телль-Рифъат қаласындағы күрд күштерінің позициялары дүйсенбі күні Түркия армиясының артиллериялық шабуылдарының нысанасына алынды.

Түркияның Телль-Рифъатқа артиллериялық шабуылдарында «Халықты қорғау» бөлімшелеріне қарасты күрд күштерінің бірқатары жараланды.

Лаңкестердің Алеппоның атырабындағы күрдтер тұратын Шейх Мақсұт ауданына жасаған снарядтық және зымырандық шабуылдарында кемінде 9 қарапайым азамат қаза тауып, басқа ондаған адам жараланды.

Лаңкестердің Шейх Мақсұт ауданына кешегі снарядтық және зымырандық шабуылдарында 4 бала мен 2 әйел құрбан болды»,-деп мәлімдеді.

Күрдтердің «Халықты қорғау» бөлімшелері Түркия мен Сирияның солтүстігіндегі шекаралық аудандардың көбін өз бақылауында ұстап отыр.