Иран мен Түркияның банк саласындағы байланыстары кеңейеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i23691-Иран_мен_Түркияның_банк_саласындағы_байланыстары_кеңейеді
Иран мен Түркия екі елдің банк саласындағы байланыстарын бұрынғыдан көбірек кеңейту мақсатында банк істеріндегі ынтымақтастықты кеңейту меморандумына қол қойды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 26, 2017 21:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркияның банк саласындағы байланыстары кеңейеді

Иран мен Түркия екі елдің банк саласындағы байланыстарын бұрынғыдан көбірек кеңейту мақсатында банк істеріндегі ынтымақтастықты кеңейту меморандумына қол қойды.

Осы меморандумға Теһранда Иран ислам республикасы мен Түркияның банк істері жөніндегі бірлескен комитетінің алғашқы отырысында Иранның Орталық банкінің халықаралық істер бойынша бас директоры Хасан Яғуби мен Түркия орталық банкінің атқарушылық істер бойынша орынбасары Мәмат Ташкин қол қойды.

Екі елдің банк істері жөніндегі бірлескен комитетінің отырысында келісімгер делегациялар Иран мен Түркияның банк мәселелері, жергілікті валютамен сауда жасау, екі ел банктерінің карталарын қосу және үш айлық курстарда банктік бірлескен комитеттер өткізу жөнінде келіссөз жүрді.

Иран мен Түркияның банк саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту меморандумына Иран мен Түркия арасында құны 30 млрд долларлық тауар айналымына қол жеткізу негізіндегі екі ел президенттері келіскен мақсатқа қол жеткізу жағдайын жеңілдету бағытында қол қойылды.