Израильдің 60 арнайы күші Бахрейнге келді
Сионистік режимнің 60 арнайы күші жұма күні Бахрейннің астанасы Манаманың халықаралық әуежайына келді.
ИРНА-ның «Panorama Asharq Al- Awsat» ақпарат торабына сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің арнайы күштері Катар әуе компанияларының ұшағымен Тель-Авивтен Манамаға келді.
Осы хабарға сәйкес, сионистік режимнің арнайы күштері өздерімен бірге үлкен жәшіктер алып келген. Осы жәшіктерде олардың Бахрейндегі миссиясына сәйкес арнайы жабдықтар болуы ықтимал.
«Panorama Asharq Al-Awsat» ақпарат торабы Бахрейн қауіпсіздік күштерінің Манама әуежайында сионистік режимнің арнайы күштерін қарсы алғанына сілтеме жасап: «Осы режимнің күштері Бахрейн ІІМ-нің көліктерімен белгісіз мекенге жол тартты» деп хабарлады.