Лаңкестік шаралар ислам әлемінің Палестина тақырыбынан қапы қалуын көздейді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i23771-Лаңкестік_шаралар_ислам_әлемінің_Палестина_тақырыбынан_қапы_қалуын_көздейді
Исламдық мәжілісаралық одақтың атқарушы комитетінің мүшесі ислам әлемінің Палестина тақырыбынан қапы қалмауы керектігін айтып: «Ислам әлеміндегі дағдарыс пен түйткілдер Палестина тақырыбына біршама әсер етіп отыр» деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 28, 2017 22:45 Asia/Almaty
  • Лаңкестік шаралар ислам әлемінің Палестина тақырыбынан қапы қалуын көздейді

Исламдық мәжілісаралық одақтың атқарушы комитетінің мүшесі ислам әлемінің Палестина тақырыбынан қапы қалмауы керектігін айтып: «Ислам әлеміндегі дағдарыс пен түйткілдер Палестина тақырыбына біршама әсер етіп отыр» деді.

"Мәжіліс" ақпарат агенттігінің сенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Исламдық мәжілісаралық одақтың атқарушы комитетінің мүшесі Казем Джалали Мали елінде өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер мәжілісаралық одағының 12-ші конференциясының қорытынды отырысында: «Сионистік режим ислам әлеміндегі дағдарыстарды асыра пайдаланып, өзінің экспансистік саясатын жалғастыруда» деді.

Казем Джалали ислам әлемінің Сирия, Ирак, Ауғанстан, Йемен және Африканың кейбір аймақтарындағы басты түйткілдеріне сілтеме жасап: «Ислам әлемінің мүмкіндіктерінің басым бөлігі келіспеушіліктер туғызу мен қақтығыстарды өршіту немесе түйткілдер мен қиыншылықтарға тосқауыл қоюға жұмсалады.

Экстремистік идеялардың өсуі және ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың аймақта пайда болуы мен қанат жаюының, сонымен қатар олардың іс-әрекеттерінің исламның негізгі топтарымен ешқандай байланысы жоқтығын ескертіп: «Экстремистік топтар мен сионистік режимнің ортақ тұсы исламға үрке қарау құбылысы және исламмен жауласуды өршіту, сондай-ақ, Палестина тақырыбын ұмыттыру болып табылады» деді.