Бахрейн халқының шерулері артты
Бахрейнде шерулердің артуымен орайлас Халифе әулеті режимінің сот мекемесі бахрейндік рухани қайраткер шейх Иса Ғасемды соттау ісін тағы да кейінге қалдырды.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрейн халқының шейх Иса Ғасемды соттауды айыптаған түнгі шерулері ақпарат құралдарында кеңінен таралған соң Халифе әулеті режимінің сот мекемесі оған байланысты іске үкім шығаруды ақпан айының он екісіне қалдырды.
Бахрейн үлемдері мен рухани қайраткерлері өз мәлімдемесінде шейх Иса Ғасемды соттау үдерісін айыптап, бұл шара халықтың ашу-ызасын арттырып, елді ойрандаушы құламаға итермелейді» деп мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша шейх Иса Ғасемның үйінің іргесіндегі "әл- Фада" алаңына жиналған көптеген халық дүйсенбі күні сол жерде таң намазын жамағатпен оқыған.
Бахрейннің исламдық жамиғатының мәлімдеуі бойынша, осы елдің 48 аймағында 150 мыңнан астам адам шейх Иса Ғасемды соттауды айыптаған түнгі шерулерге қатысқан.