Американың арнайы күштерінің шабуылынан 16 йемендік қаза болды
Ақп 07, 2017 22:46 Asia/Almaty
Американың арнайы күштерінің жасаған шабуылынан 16 йемендік азамат қазаға ұшырады.
Американың арнайы күштері өткен аптада осы елдің жаңа президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Йеменнің оңтүстігіндегі Якла деген шағын қаланы нысанаға алды. Қала тұрғындарының айтуы бойынша осы шабуылдан 16 йемендік бейбіт азамат, соның ішінде бірнеше әйел мен бала қаза болған. Бұл Американың арнайы күштерінің Дональд Трамптың президенттігі кезінде жасаған алғашқы шабуылы. Осы шабуыл барысында бір америкалық әскери де қаза болды.
Тегтер