Оман патшасы Иран президентін ресми қарсы алды
Оман патшасы Сұлтан Қабус Масқатта ИИР президентін ресми қарсы алды.
Хасан Руханиды ресми қарсы алу рәсімінде Иран мен Оманның әнұраны айтылған соң Иран президенті мен Оман патшасы екі елдің жоғары дәрежелі делегацияларының мүшелерін бір-біріне таныстырды.
Сондай- ақ рәсімде екі елдің достығының белгісі ретінде жиырма бір зеңбірек оғы атылды.
Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Рухани мен Сұлтан Қабустың екіжақты, аймақтық және халықаралық ең маңызды мәселелер жөніндегі келіссөздері басталды.
Осы кездесуден кейін екі елдің жоғары дәрежелі делегацияларының ортақ отырысында Теһран мен Масқаттың байланыстары мен ынтымақтастықтарын нығайту жолдары талқыға салынып, пікір алмасу өтеді.
ИИР президенті Оман патшасының ресми шақыруымен сәрсенбі күні таңертең осы елге сапар шекті. Руханиды Масқат халықаралық әуежайында Оманның мұрагер ханзадасы қарсы алды.
Рухани сондай- ақ сәрсенбі күні түстен кейін Оман сапарының аяқталуымен Кувейт әміршісінің ресми шақыруымен сол елге сапар шегеді.